Жүрек-қан тамыр жүйесіне теріс әсер ететін әдет көп. Мұндай әдеттерден құтылу жағдайды жақсарта ала ма, ал ең зияны қайсы? Бұл туралы кардиолог Мария Кириллова әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru-ға" сілтеме жасап.
1 - әдет. Темекі шегу
Темекі шеккен кезде тамырлар зақымдалады, бұл атеросклерозға, жүректің ишемиялық ауруына және артериялық гипертонияға әкеп соқтырады.
2 - әдет. Дұрыс тамақтанбау
Маманның айтуынша, ең алдымен, фаст-фуд пен құрамында қаныққан немесе пальма майы бар тағамдарды тұтыну зиян. Бұл компоненттер холестерин мен қандағы қант деңгейін жоғарылатып, соңы инфаркт немесе инсультке әкеп соқтыруы мүмкін семіздікке шалдықтырады. Сонымен қатар, холестерин деңгейі жоғары екенін ксантелазмалар да (ксантомалар) көрсетеді. Ксантелазма дегеніміз көз бен қабақ айналасында жиналатын сарғыш реңкті, ауырмайтын май түзілімдері. Егер ағзадағы май алмасу процесі бұзылса, бұл түзілімдер аяқ пен қол секілді басқа да дене бөлігінде пайда болады. Мұндай түзілімдер косметикалық кемшілік деп саналғанымен, іс жүзінде холестерин деңгейінің жоғарылауының белгісі.
3 - әдет. Алкоголь ішу
Алкогольді қандай мөлшерде ішсеңіз де ол зиян. Ішімдікті аз ішкеніңізге қарамастан, қан қысымыңыз жоғарылап, жүрек дұрыс соқпай қалады. Мұның ең ауыр салдары, атриальды фибрилляцияға, яғни қанның ұюына әкеледі.
Айта кетейік, бұған дейін жүрек-қан тамырлары дертін алдын алудың 7 амалы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Маркетолог немен айналысады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!