- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Төңкерілген кітап": Желіде...
"Төңкерілген кітап": Желіде 3-сыныпқа арналған оқулық қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желілерде 3-сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу. 1-бөлім" оқулығының парақтары төңкеріліп тұрғаны көрінетін видео талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан "Атамұра" баспасының оқулығы полиграфиялық қатемен басылып шыққаны көрінеді. Видео авторы кітапты Алматыдағы жеке дүкендердің бірінен сатып алғанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы өкілі оқулық ресми дүкеннен сатып алынбағанын және контрафакт өнім екенін айтады.
"3-сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу. 1-бөлім" оқулығы мемлекеттік сараптама бойынша мақұлданғаннан кейін алғаш рет 2018 жылы "Атамұра" баспасынан жарық көрді. Сол уақыттан бастап бұл оқулыққа қатысты баспадан кеткен қате туралы шағым түспеді. Министрлік сайтындағы оқулықтың мақұлданған, жалпыға қолжетімді электрон нұсқасында мұндай кемшіліктер жоқ", - деді ведомство өкілі.
Жетісу облысы Қаратал ауданының Білім бөлімі мәліметінше, жергілікті мектеп кітапханаларынан мұндай қатесі бар оқулық табылмаған және биыл бұл оқулық сатып алынбаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова