Тоңазытқыш қымбат тұрмыстық техникаға жатады. Оны пайдалану қарапайым, бірақ егер оны пайдалану ережелерін білмесеңіз, құрылғыны бұзып алуыңыз мүмкін. Тоңазытқышты қандай қателіктер бұзады?
Қандай себептермен шеберге жиі жүгінеді?
Тоңазытқыштың ақауларын тудыратын негізгі факторлар:
Тоңазытқышты пайдаланудағы негізгі қателіктер
Тоңазытқышқа тамақты ыстық күйінде салу
Ыстық және жылы тағамдарды тоңазытқышқа қоюға болмайды. Оларды тоңазытқышқа салмас бұрын алдымен суытып алу керек. Егер тоңазытқышқа тамақты ыстық күйінде жиі салсаңыз, компрессорға шамадан тыс күш түсіресіз және ол ерте ме, кеш пе шыдамай, бұзылады.
Температуралық режимнің бұзылуы
Жоғарғы сөрелерге үлкен ыдыстарды қою арқылы сіз температура режимін теңестіруге арналған ауа айналымына кедергі келтіресіз. Режим бұзылған кезде әр түрлі температуралы аймақтар пайда болады, бұл техникаға да, өнімдерге де нашар әсер етеді.
Мұздатқышты дұрыс пайдаланбау
Мұздатқышты пайдалануда көпшілік негізгі екі қателік жібереді. Біріншісі - мұздатқышты қатты толтырып тастау. Екіншісі - дұрыс емес температура қою, әсіресе, жазда. Егер сіздің мұздатқышыңыз жазда максимум жұмыс істесе, компрессор да максимум жұмыс істейді. Бұл қарқынмен ол тезірек тозады.
Артық ылғал
Бұл тоңазытқыштардың ең үлкен жауы. Ол тоңазытқыштың есігін ашқанда немесе ішіне жылы заттарды салғанда конденсат түрінде пайда болады. Сондай-ақ, жиі кездесетін қателік - тоңазытқышты дымқыл шүберекпен тазалау.
Ылғал тоңазытқышқа зиян, себебі ол тоңазытқыштың қабырғасында мұз болып қатып қалады, бұл желдету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Радиатордың ластануы
Радиатор немесе конденсатор - әр тоңазытқыштағы маңызды бөлік. Ол жылу өткізгіш рөлін атқара отырып, ластық пен шаң жинайды. Әдетте, біз оны көрмейміз, өйткені ол тоңазытқыштың артқы жағында орналасқан, бірақ оны жылына 2 рет тазалау керек.
Уақытында мұзды жібітпеу
Егер мұздатқыштың қабырғаларында мұз қабаты 1 сантиметрден асса, бұл жібіту керегі жайлы белгі. Бұл процедура нұсқаулыққа сәйкес жылына 1-2 рет жүргізілуі керек.
Ол үшін тоңазытқышты өшіріп, ішінен бәрін алып тастаңыз және мұздың еруіне мүмкіндік беріңіз. Мұзды ұрып алуға болмайды, ол өздігінен еруі керек.
Есік тығыздағышының тозуы
Бұл қарапайым дизайн элементі маңызды рөл атқарады. Өйткені, егер тығыздағыш өз функцияларын орындамаса, ішке ауа кіреді. Ал ол тоңазытқыштың ертерек істен шығуына әкеледі. Тоңазытқышты жөндеуден гөрі тығыздағышты ауыстыру арзанға шығатынын ұмытпаңыз.
Тығыздағыштың жақсы ұстайтынын түсіну үшін тоңазытқыштың ішіне қолшам қойып, есікті жабыңыз. Егер жарық түссе, тығыздағыш герметикалық емес. Мұны қараңғы уақытта жасау керек.
Еске салайық, бұған дейін миксерді қалай таңдау керегі жайлы жазған болатынбыз.