Танымал әнші Нұржан Қалжан жылдар өтсе де жас көрінуінің сырын бөлісті. Ол бұл туралы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, 27-28 жастағы адамдардай көрінеді.
"Кез келген жерде менің жасымды білмейді. ...Кіші жастар беріп жатады. Мектеп бітіргеннен кейін сыныптастарымның ішінде 20 жыл көрмеген қыздар бар. Өткенде 20 жылдық болды. Сонда барлығы келіп, "Алматыда не істеп жатсың? Тоңазытқышта жатсың ба? Сол баяғы мектептегі қалпыңдасың" дейді. Мұның сырын білмедім. Геннен болуы керек. Өнер адамдарына Алла тағала ерекше қасиет, құдірет беретін сияқты", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!