Қарағанды облысында Саран қаласында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Саран қаласындағы дүкендердің бірінде қарақшының сатушыға пышақ сұққаны көрінетін видео тарады.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Саран қаласында 27 жастағы тұрғынның денесі табылған. Бұл оқиға бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар қылмыстық іс қозғалған.
"Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағдарланған. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова