- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Томирис Байсафаны өлтірген...
Томирис Байсафаны өлтірген адамның әкесі Дағыстанда 5 жылға сотталды
Дүйсенбі, 12 желтоқсанда Мәскеуде Дағыстанның бұрынғы премьері Мұхтар Меджидов Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне арнайы жүйені жеткізілім жасау барысында алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Сот Меджидовке жалпы режимдегі бес жылдық колония түрінде жаза тағайындады", - деді сот.
Сонымен қатар, Меджидовке 900 мың рубль айыппұл салынып, 2,5 жыл меморгандарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Үйқамақта болған Меджидов сот залында қамауға алынды. Айта кетейік, бұл іс бойынша тағы бір айыпталушы бар.
Айыптаушы тарап 2012 жылы сотталушылар Қорғаныс министрлігімен қону радиолокациялық жүйелерін жеткізуге келісімшарт жасасып, 108 миллион рубль аванс алғанын дәлелдеген. Алайда министрлікке ешқандай жүйе жеткізілмеген. Айыптаушы тараптың мәліметінше, айыпталушылар бастапқыда зауыт келісімшартты техникалық тұрғыдан орындай алмайтынын білген.
Айыптаушы тарап Меджидов келісімшарт жасасуға жауапты Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерімен жеке таныс болған, олардың сенімін асыра пайдаланды және зауыттың мүдделерін қорғады деп санайды.
Айта кетейік, жақында экс-премьердің ұлы Муртузали Меджидов те сотталған болатын. Ол қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған. Желтоқсанның басында Мәскеу қалалық соты үкімді бекітті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина