- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Томирис Байсафа ісі:...
Томирис Байсафа ісі: Меджидов 13 жылға сотталды
Мәскеудің Измайловский аудандық сотының судьясы қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша Дағыстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасарының ұлы Муртузали Меджидовты 13 жылға соттады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Муртузали Меджидов қазақстандық студентті өлтірді деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жаңалықпен марқұмның анасы Жанна Ахметова бөлісті.
Ол сот үкіміне көңілі толатынын айтты.
Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.
Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.
2021 жылдың шілдесінде Мәскеудегі алқабилер соты Муртузали Меджидовті ақтап алды.
Қайтыс болған студенттің анасының шағымдары мен қоғам наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.
Г. Досымшалова