Томат шырынының денсаулыққа пайдасы туралы жиі естиміз. Алайда дүкен сөрелеріндегі томат шырынының құрамында шынымен денсаулыққа пайдалы заттар болып-болмайтынын біле бермейміз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Томат шырынының пайдасы мен зияны, құрамы туралы techinsider.ru сайтына маман айтып берді.
Әсіресе ұшаққа мінген жолаушылар көбінесе томат шырынын сұрап жатады. Томат шырыны жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Томат шырыны қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар теріге жақсы әсер етеді, алаңдаушылық сезімін азайтуға көмектеседі және аз калориялы сусын саналады.
Томат шырынында ағзаға пайдалы заттар көп: Е дәрумені, магний, фосфор, марганец, темір, β-каротин, ликопен, калий және мыс бар. Сондықтан бұл күнделікті диетаға да, ораза күндеріне де таптырмас сусын.
Бірақ дүкеннен сатып алынған томат шырынының құрамына назар аудару керек. Жаңа піскен шырын мен жәшік, банкаларға құйылған нәрсе екі түрлі болады.
Тұз және қант - классикалық қоспалар. Тұздың мөлшерін өндіруші анықтайды, бірақ қант 15 г/л аспауы керек. Сондай-ақ қанттың бар екені туралы ақпарат шырынның құрамында көрсетілуі керек.
Бірақ крахмал мен бояғыштарды қосуға тыйым салынады. Алайда кей томат шырынының құрамында тыйым салынған консерванттар бар екені анықталды. Сараптама бірнеше өнімде сорбин қышқылының бар екенін көрсетті.
Паста немесе пюре қызанақ шырынын қоюлатады. Томат шырынын жасау үшін пюреге концентрация кезінде су қосылады. Егер пюре сумен қатты сұйылтылған болса, онда ол енді шырын емес, балшырын (яғни қант қосылған су шырыны) болады. Жалпы қызанақ шырынындағы су 50 пайыздан аспауы керек.
Томат шырыны дәмді және пайдалы сусын болғанына қарамастан, ол кейбір ауруларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Томат шырыны ғана емес, томат пастасы мен соустар ойық жара, холецистит, жедел панкреатит ауруларын қоздырады.
Артритпен ауыратын адамдар томат шырынын сақтықпен қолдануы керек. Себебі ол бар қабынуды күшейтуі мүмкін, сондай-ақ бүйрек қызметі бұзылған және қуықпен проблемалары бар адамдарға томат шырынын ішуге болмайды. Себебі шырындағы қышқыл тітіркендіріп, циститті күшейтеді.
Сонымен қатар түнде қызанақ шырынын ішпеген дұрыс, өйткені ол асқазанның қышқылдығын арттырады, бұл күйдіруге әкелуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!