Әнші Толқын Забирова "Мамский әңгіме" бағдарламасында күйеуін желіде неге жиі көрсетпеуінің сырын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жолдасы мұны өзі қаламайды.
"Жолдасым өзін ешбір жерде көрсеткісі келмейді. Бірнеше жыл бұрын өнерде жүрген ерлі-зайыптылардан бағдарлама жасап, мені шақырды. Сафар ондайларға мүлдем қатыспайды. Осы уақытқа дейін сондай. Арасында бір жерде демалып желіге салсам, ұрсады. "Неге шығарасың" деп ренжиді. Бірақ медиа бағытында жұмыс істеген адамның бірі, қазақтың шоу-бизнесін көтерген деп айтар едім", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!