“Төлесең постты өшіреміз“: бопсалаумен айналысқан блогерлер сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында Magnum және "Семейный" сауда желілерін бопсалағандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 мамырда Петропавл қалалық сотының блогерлерге қатысты үкімі заңды күшіне енді. Петропавл қаласының екі тұрғыны Magnum және "Семейный" сауда желілерін "рейд" деп аталатын видеоларды әлеуметтік желілерде жарияламау үшін бопсалады деп айыпталды.  

"Олар ұялы телефондарына сауда желілерінің дүкендеріне барғанын жазып алып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейін бұл жазбалар Instagram әлеуметтік желісінде және Youtube арнасында жүргізілген", - деп жазылған хабарламада.  

Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденген. 

Айыптау үкiмi алқабилер алқасымен бірге шығарылып, екi адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiндегі жаза тағайындалды.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!