Төле би көшесін ұзартып жатыр: Алматыда тағы бір учаске уақытша жабылады

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"24 шілде сағат 23:00-ден 26 шілде сағат 15:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машанов көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толық жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақталар орнатылады", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Алматыда 24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Құлжа тасжолының бір бөлігінде де қозғалыс уақытша шектеледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!