Төле би көшесін созып жатыр: Алматыда Әшімов көшесінде қозғалыс шектеледі

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі бөлік жабылады. Жұмыс тек түнде жасалады. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жол жүру бағытын жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!