Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі бөлік жабылады. Жұмыс тек түнде жасалады. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жол жүру бағытын жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
Сурет: Алматы әкімдігі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова