Алматыда үш адам ажал құшқан автобус апатына қатысты сотта куәгерлер сөйледі. Даудың қалай болғанын бастан-аяқ өз көзімен көрген өзге жолаушылар енді жүргізуші әйелдің соққыдан есінен танып қалғанына күмән келтіріп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жеңіс Тайбек, оқиға куәгері:
Жантүршігерлік жол апаты желтоқсан айында Райымбек даңғылының бойында болған. №47 бағыттағы қоғамдық көлік жолдың жиегіндегі бір топ адамды қағып өтіп, үш кісі көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Қазір айыпталушы орындығында 33 жастағы Дархан Ахметжанов отыр. Рөлдегі келіншекті төмпештеген сол. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолаушы жолақысын төлеуге тырысқан. Бірақ жүргізуші төлем жасағанына көз жеткізбейінше, оны автобустан шығармай қойыпты. Осылайша екеуара жанжал басталып, екі соққыдан кейін автобус жылдамдығын азайтпаған күйі жол жиегіндегі тұрған адамдарды жайпап өткен.
"Түспек болды. Бірақ артқы есікті ашқан жоқ. Сөйтіп "жолақыны төлеген билетіңізді көрсетіңіз" деді. "Міне, телефонымда, СМС бармай жатыр деді. Телефоннан көрсетті. "Қане" деп, жүргізуші өзі телефонды алды. Өзі де тырысып көрді ғой деймін, СМС арқылы төлеуге. Оған қарамай, жүргізуші жүріп кетті. Өзі де төлеуге тырысып көрді", - дейді Әмірхан Шахантай, оқиға куәгері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!