- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқтар Төлешов жазасын...
Тоқтар Төлешов жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды
Қазақстандық кәсіпкер Тоқтар Төлешов жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
OTYRAR редакциясы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, кәсіпкер жазасын қайда өтеп жатқанын анықтаған. Айта кетейік, былтыр бірнеше БАҚ-та Төлешов бостандыққа шығуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Кәсіпкер жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.
"Сотталған ШҚО бойынша ҚАЖД №18 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Сот максималды қауіпсіздік мекемесінің түрін анықтады", - деп жауап берді ҚАЖК өкілдері редакцияның ресми сауалына.
Еске салайық, кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылы 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол азаптау, кісі өлтіруді ұйымдастыру, ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, экстремистік топты құру және басқару, қылмыстық топты қаржыландыру, билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер, есірткіні заңсыз пайдалану деректері бойынша күдікке ілінген болатын. "Сыра королінің" 9 үйі, асылтұқымды жылқылары мен қымбат көліктері тәркіленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина