Әнші Тоқтар Серіков бүгінде өнер саласынан мемлекеттік қызметке ауысып жатқан әртістерге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші "Жұлдыз" радиосының "Таңғы шоу" бағдарламасында айтты.
"Әрине, әркімнің көзқарасы әрқалай ғой. Маған да лауазымды қызмет ұсынылды, оны қатты бағаламаймын. Себебі әркім өз шаруасын білуі керек. Қазақта "торғай болса да қасапшы сойсын" деген сөз бар. Мен әншімін, өнер адамымын, шоу бизнесте жүргендіктен кәсіпкермін. Әркімнің қабілетіне қарай. Егер расында әншінің қабілеті мықты болса, қолынан басшылық келсе, барсын. Оны неге шектейміз?", - дейді әнші.
Еске салайық, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева - өнерде де, өмірде де жұптары жазылмаған қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп 7 жылдан кейін шаңырақ көтерген. Бүгінде жұлдызды жұп төрт ұл тәрбиелеп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!