"Тоқтамай күлдім-ау". Желіде балабақшалардағы 8 наурызда түсірілген қызық видеолар тарады

8 наурыз - арулар мен аналардың мейрамы. Осыған орай мектептер мен балабақшаларда түрлі шаралар ұйымдастыру басталып кеткен. TikTok желісінде де 8 наурыздағы түрлі қызық видеолар тарады. Massaget.kz тілшісі бүлдіршіндердің күлкілі видеоларына шолу жасады.

Желіде тараған видеолардың бірінде кішкентай қыздың бар ынтасымен аналарға арнап өлең оқығаны көрінеді. Сондай-ақ, ол алдында тұрған кішкентай қызға қарап, сүйкімді қылықтар жасап, ойнатып тұрады.

@anelyaabdreevaa #рек #алғысайтукүні #хочуврек #алғыс #ПразднуемВесну ♬ оригинальный звук - Anelya ??

"Бөпесін де ойнатып қояды, актер ғой", "Қатырды, ойнатып кеткен бе?", "Тәрбиешілерге алғыс", "Жаным", "Тіл көзден аман бол", - дейді пікір жазғандар.

TikTok-та тараған келесі бір видеода кішкентай бүлдіршендер хит болған "Қызыл раушан" әнін орындайды. 

@22.oo51

Покажите поддержку моему братишке пианисту и его друзьям

♬ original sound - Cherryice

Желі қолданушылары да бұл видеоға тәнті болған.

"Әнді сезініп тұр", "Бұйырса болашақ "Дос-Мұқасан болады", "Болашақ әнші", "Сүйкімді", - дейді олар.

Ал тағы бір видеода кішкентай қыздың ұлға гүл сыйлағаны көрінеді. Кадрлардан екі жұптың жарысқаны байқалады. Бірақ ойын соңы күлкілі аяқталған.

@akmaraaal95

Қызғалдағым??

♬ оригинальный звук - Akmaral

"Тоқтамай күлдім-ау", "Жігіттерге үйретіп жатыр ғой", "Қызыңыз қатырды", - дейді видеоға пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!