- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқтабаевқа қатысты іс:...
Тоқтабаевқа қатысты іс: құны 5,6 трлн теңгенің кені орны мемлекетке қайтарылды
Антикор бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты істе мемлекет пайдасына қандай мүлік тәркіленгенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқтабаев лауазымдық өкілетін теріс пайдаланғаны үшін сотталған болатын.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына Қостанай облысындағы құны 5,6 триллион теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей "Шевченковское" кен орны берілді", - деп жазылған хабарламада.
Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова