Сленгтер - эмоциялық бояуы бар заманауи сөздер. Қазіргі таңда, әсіресе, жасөсіпірімдер мұндай сөздерді сәнге айналдырды. Бұл сөздерді көбіне әзіл мақсатында, өзгеше болу мақсатында қолданады екен. Өскелең ұрпақтың арасында көп таралған сленг сөздерді орта буыннан асқандар түсінбей жатады. Massaget.kz тілшісі қазір трендте жүрген сөздерді жинақтап, қысқаша түсіндірмесін жасады.
Жиза - "өмірлі", яғни өмірде жиі кездесетін жағдай.
Изи - оңай, ағылшын тілінің easy деген сөзінен шыққан.
Краш - кумир немесе үлгі тұтатын адамың.
Вайб - бір мерекенің немесе ортаның атмосферасы.
Хейт - жек көру, ұнатпау. Ал хейтер - ұнатпайтын адам. Мысалы, 91 тобының хейтерлерін мысалға келтірсек болады.
Сорян - кешір, ағылшын тілінің sorry сөзінен аударылған.
Олд - ағылшын тілінен аударғанда "ескі" дегенді білдіреді.
Рили - шынымен.
Ауф - керемет. Бұл сөз бір затқа сүйсінгенде қолданылады.
Инсайт – адамның қандай да бір сабақтан, оқиғадан, әңгімеден түйгені. Бұл ағылшын тілінің «inside» сөзінен шыққан.
Гоу - "кеттік" деп біреуді шақырғанда айталатын сөз.
Шарить ету - бірнәрсені жақсы түсіну.
Раха - рақмет айту.
Туса - қыдыратын жер.
Кринж - бір әрекет үшін ұялу.
Пруф - дәлел.
Рофл - қалжыңдасу.
Токсик - мінезі жаман, ұрысқақ адам.
Варик - нұсқа, орыс тілінің "вариант" сөзінің қысқартылған түрі.
Муд - көңіл күй.
Скил - адамның қабілеті.
Сленгтер уақыт өткен сайын жаңарып, көбейіп, оның қолданыс аясы да кеңейіп жатыр. Мұндай лексикалық құбылыс "тілімізді шұбарламай ма" деген сұрақ көпшілікті мазалайды. Сұрақтың жауабын филология ғылымының маманы Жанар Сансызбаеваның пікірімен қорытындылауды жөн көрдік.
"Сленг сөздер тілді шұбарлайтыны анық. Негізі, таза сөйлеуге тырысқан абзал. Бірақ кез келген нәрседе максимализм болмауы керек. Оның үстіне, қазір қазақ тілі иммунитетін жоғалтып, әлсіреп тұрған кезде әр нәрсеге тыйым салуға болмайды. Әйтпесе, қазақ тілінде сөйлеуден тіпті безетін болады. Сондықтан сленг сөздердің де рұқсат етілген нормасы болуы керек", - дейді маман.
Аружан Ербатыр
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!