Токиода Үлкен дулығасы: жылдың соңғы жарысында ел намысын кімдер қорғайды?

7-8 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыс өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл 2024 жылғы ересектер арасындағы соңғы халықаралық турнир саналады. Токиода ел намысын қорғайтын татами шеберлері мынадай:

Ерлер:

Шерзод Давлатов, Дәурен Сюкенов (60 келі);

Бақытжан Абдурахманов (73 келі);

Жалғас Қайролла (81 келі);

Мейірлан Максим (90 келі);

Әділет Сапарғалиев (100 келі).

Әйелдер:

Толғанай Әбеуова (52 келі);

Дана Әбдірова (57 келі);

Самалай Ерғалиева (63 келі);

Назгүл Маратова, Карина Такиева (78 келі).

Барлығы Жапония астанасында 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!