- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқалдан туған балаларымен...
Тоқалдан туған балаларымен қалған бәйбіше күйеуінің екінші әйеліне іздеу салды
Алматы облысы, Байсерке ауылының тұрғыны күйеуінің екінші әйелі балаларын тастап кеткенін айтты. Оның айтуынша, бұдан 10 жыл тоқал алып берген. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін тоқал екінші рет тұрмысқа шығып, балаларын тастап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында айтылды.
Байсерке ауылының тұрғыны Айтқал тұрмыс құрғанына 22 жыл болған. Күйеуіне бала сыйлай алмағаннан соң, 6 жылдан кейін күйеуіне тоқал алып берген.
"Бала болмаған соң, тоқал алып бердім. Бір балаға қарап тұрмай, ұрпақ көбейсін дедім. Дәрігерлер дүниеге бала әкеле алмайсың деді. Өз қалауыммен тоқал алып бердім. Күйеуім қуанды", - дейді ол.
Тоқалдың есімі - Мумина. Ол дүниеге 3 бала әкелген. Алайда күйеуінің қазасынан соң, тоқал екінші мәрте тұрмыс құрып, балаларын бәйбішеге тастап кетіп қалған. Тұрмыс құрғанына 2 жыл өтсе де, Мумина балаларын іздеп келмеген. Айтқал апайдың айтуынша, күйеуінің екінші әйелімен жақсы қарым-қатынаста болған.
Бір қызығы, Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінде Абдулсаттар Назарбайұлына екі әйелге үйленгенде де неке туралы куәлік беріледі. Ал олар Қазақстанға қоныс аударғанда екі әйелдің күйеуі көз жұмады. Бірақ сол кезде де олар ажырамаған. Бірнеше жыл өткеннен кейін Абдулсаттар Назарбайұлының тоқалы қайта күйеуге шығып, бірінші күйеуінен туған 3 баланы Айтқал апаға тастап кеткен.
Ал Муминаның айтуынша, Айтқал апа балаларды тастап кетуін жылап өтінген. Алайда бұл уақыт ішінде балаларына бірде-бір рет хабарласпаған. Бағдарлама соңында ана мен балалар қауышып, бір-бірінен кешірім сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек