Танымал заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ербол Сейілханға берген сұхбатында тоқал алу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бізде екі әйел алуға тыйым салынған. Ол заңда тұр. Әрине, жауапкершілік жоқ, бірақ тыйым бар. Шенеунік емес, кез келген жағдайы бар азаматтың екінші, үшінші, төртінші әйелдері барын білеміз. ...Қазір көбінің (әрекеті - еск.) - құтырғандықтың белгісі. Байқайсыз ба, кілең жастарды алады. Ешкім ағасынан қалған жеңгесін әмеңгерлікпен алып жатқан жоқ, болмаса жесір қалған әйелді жанашырлықпен алып жатқан жоқ. Жап-жас қыздарды алады. Сол себепті құбылыс ретінде жан-тәніммен қарсымын", - деді ол.
Абзал Құспан бұл жайтты заң тұрғысынан реттеу керек деген пікірде.
"Бірақ мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңда тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан мұны (тоқалдықты - еск.) заңдастыру керек деп есептеймін. Заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек", - деді депутат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!