Тоқаевтың ұсынысымен Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Мажарстан премьер-министріне I дәрежелі "Достық" орденін табыстаған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!