- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаевтың туған күні...
Тоқаевтың туған күні қалай тойланатыны белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Руслан Желдібайдың айтуынша, Президент мұндай шараларды құптамайды.
"Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған. Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы биыл 70 жасқа толады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова