- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық...
Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы басталды
Мемлекет басшысы - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қарулы Күштеріміз мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі екенін атап өтті.
"Туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау – қасиетті парыз. Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау басты міндетіміз. Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау негізгі мақсатымыз. Ел іші тыныш, қоғам тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек.
Қарулы Күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға тиіс. Қазақстан барлық елдермен достық қатынас орнатқан. Біздің ұстаным – айқын", - деді Президент кездесуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина