Мемлекет басшысының Шанхайға жұмыс сапары аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл құжаттар жасанды интеллект, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау және басқа да жоғары технологиялық салаларды қамтиды.
Қытайдың ірі жоғары технологиялық компанияларының басшылары қатысқан дөңгелек үстел барысында қол қойылған коммерциялық құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;
- "Самұрық-Қазына" АҚ мен Huawei Technologies компаниясы арасындағы технологиялық шешімдер мен жабдықтарды сатып алу туралы келісім;
- "Самұрық-Қазына" АҚ, Freedom Holding компаниясы, Астана қаласының әкімдігі және Geely Auto Group компаниясы арасында Қазақстан Республикасында электр көлігі инфрақұрылымын дамыту және автомобиль саласында жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен China Central Depository & Clearing Co., Ltd. компаниясы арасында еркін сауда аймағының офшорлық облигациялары эмитенттеріне қызмет көрсету туралы келісім;
- Qarmet АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және Acre Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы арасындағы" №8 және №9 кокстық батареялар кешені мен кокс газын тазарту жүйесін салу" инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
- "Аллюр компаниялар тобы" АҚ мен Li Auto Inc. компаниясы арасында Li Auto көлік өндірісін жүзеге асыру жобасы бойынша өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі және Kazakhstan Guoyou Investment компаниясы арасында Құрық портының бірінші кезегінде көпфункционалды терминал салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен NUCTECH Company Limited компаниясы арасында Қазақстан Республикасы аумағында өткізу пункттерін тексеру құралдарымен жабдықтау және өнеркәсіптік локализация өндірісін дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
- Astana Group және Chery Holding Group арасында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында OMODA және JAECOO көліктерін өндіру жөніндегі техникалық-лицензиялық келісім;
- Qazbot Technologies және Agibot PTE компаниялары арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
- "Қазақтелеком" АҚ мен HV & Submarine Hengtong Group компаниясы арасындағы "Дата-орталықтар алқабын" дамыту шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім;
- Harvest Group компаниясы мен Minmetals Logistics Group Co., Ltd. компаниясы арасында "Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық дәлізі" ("Қорғас – Шығыс қақпасы" екі паркі) жобасы бойынша эксклюзив ынтымақтастық туралы келісім;
- "Транстелеком" АҚ мен GuoDong Group компаниясы арасында антенналық-діңгекті құрылыстар салу туралы шарт;
- Qazaq AI Research University мен Shanghai Innovation Institute арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Алматы қаласының әкімдігі, NERO Group компаниясы және UBTECH Robotics компаниясы арасында Алматы қаласында жасанды интеллект пен робот техникасын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сучжоу университеті арасында бірлескен институт құру туралы келісім;
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Jiangsu Huibo Robot Technology компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Еске салайық, 15 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!