5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман cұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ6 сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.
Бұған дейін Оман Сұлтаны Тоқаевтың Қазақстанға келу туралы шақыруын қабыл алғаны хабарланған болатын хабарланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!