- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресми сапар
Тоқаевтың Сербияға сапарының жарияланбаған фотолары тарады
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
"Борт №1" Telegram-каналы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Сербияға алғашқы сапары кезіндегі бұрын жарияланбаған фотосуреттерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осылайша, Telegram-каналда Мемлекет басшысының Сербия президенті Александр Вучичпен және осы елдің премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесулерінің бейресми сәттерінің фотосы тарады.
Еске салайық, Қазақстан Президенті екі күн бойы Белградта ресми сапармен болды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми сапар сейсенбі күні аяқталды. Тоқаевты Белград әуежайынан Сербия премьер-министрі шығарып салды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан