- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресми сапар
Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аяқталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Белград әуежайынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербия премьер-министрі Милош Вучевич шығарып салды.
Еске салайық, кеше, 18 қарашада Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды.
Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Белградқа ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуге екі ел делегациялары қатысты.
Қазақстан мен Сербия Президенттерінің қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті.
Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Қазақстан мен Сербия Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан