Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенбі, 27 сәуірде сенбілікке киген киімдері талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Алмас Алтайдың сөзінше, кроссовка дүкендерде 37 990 теңгеге сатылыпты, қазір 30 пайыз шегеріммен 26 590 теңге деп тұр.
"Ойлаш, өзі Президент, өзі 27 000 теңгенің кроссовкасын киіп алып, сенбілікке шығады. Ақшасын үнемдегені ме, әлде, әуелден қымбат киім мен қымбат бұйымға құмартпаған адам болғаны ма? Дәу де болса, екіншісі шығар... Қазақстан сияқты нән елді басқарып отырған кісінің сөздің қорында "ақшам жетпейді" деген тіркес атымен жоқ шығар", - дейді Алмас Алтай.
"27 мыңға мен кимеймін даже, ауылда жатқан десем ия"
"Онда тұрған не бар, аяққа ыңғайлы, киген адамның өзіне ұнаса болды емес пе, киіммен және аяқ киіммен бағаланбайды ғой. Adidas та басқа да кимейді екенмін. Қандай аяқ киім жайлы өзіме соны киемін. Скидкамен де алып жатамыз. Қарапайымдылық көзбояушылық емес шығар"
"Тууууу, президентіміз не деген қарапайым"
"Президентіміз минималист кісі ғой байқаған адамға…" - дейді Желі қолданушылары.
Еске салайық, 27 сәуірде Президент қалалық сенбілікке қатысқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы "Ұлытау" аллеясында ағаш отырғызды.
Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, "Ассамблея жастары" ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!