Қазақстан Президентінің "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті аясында жоспарланған іс-шаралары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Самарқанд әуежайынан Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов шығарып салды.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына барғаны хабарланды.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Самарқандта Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова