Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады.
Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-тағы саммитке шақырған еді.
C5+1 – Америка Құрама Штаттары үкіметі мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан үкіметтері үшін аймақтық дипломатиялық платформа.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!