Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь астанасы Минск қаласына жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің бүгінгі жұмыс сапарынан видео бөлісті.
Еске салайық, бүгін түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Минскіге барған еді.
Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь президенті Александр Лукашенко қарсы алды.
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі сессия халықаралық ахуал күрт нашарлаған өте қиын жағдайда өтіп жатқанына назар аударды. Еуразия құрлығындағы және ҰҚШҰ жауапкершілігіне кіретін аймақ төңірегінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, Таяу Шығыстағы оқиғалардың аужайы да ерекше алаңдаушылық туғызады.
Ол халықаралық қоғамдастықты ауған халқына көмек беру ісін жалғастыруға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты.
Президент 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасына өтетінін мәлімдеді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қазақстан төрағалығы кезінде Ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!