Тоқаев кортежінің жүретін жолынан атыс қарулары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел - іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!