Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жолдайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сонымен қатар, ҚР Президенті баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!