Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес құрылым өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!