- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаевтың баспасөз хатшысы...
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау тәртібі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", - дейді Берік Уәли.
Ол сондай-ақ сәрсенбіде, 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды.
Еске салайық, бүгін, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Роман Скляр премьер-министр міндетін уақытша атқарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан