Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Анталия дипломатиялық форумына қатысуы халықаралық баспасөз өкілдері мен меймандардың қызығушылығын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БОРТ N1 арнасына сілтеме жасап.
Қазір Мемлекет басшысы панелдік пікірталасқа қатысып, сауалдарға жауап беріп жатыр. Бұл іс-шараға БАҚ пен саясаткерлер, дипломаттар жіті назар аударып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз