Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жұмыс кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • 26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді.
  • 27 қыркүйекте Астанаға Мьянма президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
  • 29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!