Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жоспары белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері "Әбу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен "Әбу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысады", - деп жазылған Ақорданың хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!