- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаевты Италия президенті...
Тоқаевты Италия президенті күтіп алды
Италия президенті Сержо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сержо Маттарелланың кездескен сәтінен фотоларды жүктеді.
"Мемлекет басшысы Италия Президентімен келіссөз жүргізу үшін "Квиринале" сарайына келді Қасым-Жомарт Тоқаевты Сержо Маттарелла қарсы алды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды.
Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан