Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
4. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. "Қазпошта" АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. "ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
9. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
12. "Хабар" Агенттігі" АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!