Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады

Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл - Тет мерекесімен құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!