Тоқаев Вьетнам президенті Лыонг Кыонгты құттықтады

Тоқаев Вьетнам президенті Лыонг Кыонгты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан