Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған "Вифа" тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек