Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.


Ертең Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.

Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.


Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова