Бүгін Астананың абаттандыру жұмыстарымен танысу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қарсы күрес қажетін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің вандализмге қатысты сұрағына жауап берген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: "ондай деректер бар, бірақ көп емес", - деді.
"Әйтсе де, халық көріп отыр, мәдениет қалыптасып келеді", - деді қала басшысы.
"Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек", - деп қадап айтты Тоқаев.
Бұған дейін Астана полициясы қоғамдық орындарда камераға түскен вандализм оқиғаларының видеоларын жариялаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз