- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев ұйымды одан...
Тоқаев ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын айтты
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Осыған орай Ұйымның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын одан әрі арттыру үшін ШЫҰ тетіктерінің жұмысын жетілдіруге баса мән берілді. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ тарихындағы тағы бір маңызды кезеңге жол ашатынына, сондай-ақ Ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Қазақстан Президенті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова