Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үрімжіге барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжіге барды.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!