Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Кенжебай Мәденов Ұлы Отан соғысы жылдары "Берлин" операциясына қатысқан. Ол - Ратушаға бірінші болып өз взводын бастап кіріп, оны жаудан тазартудағы ерлігімен ел есінде қалған қас батыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!